Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театры жабылады

AstanaTV
28.02.2014ж. 10:00
1492
Астанада К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театры жабылады

Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театры өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы үшінші ақпанда Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойған.

1954 жылы салынған ғимарат Теміржолшылар сарайы болатын. Кейін 2000 жылы Астана қаласының опера және балет театры болып жаңғыртылып, қазақтың әйгілі әншісінің есімі берілді. Сәулет ескерткіші ретінде қорғауға алынған ғимараттың енді қандай мақсатта қолданылатыны әзірге белгісіз. Ал өнер ұжымы Астана опера балет театрына көшірілуі ықтимал.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА