Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда көне айналардың көрмесі өтті

AstanaTV
03.03.2014ж. 10:00
2666
Атырауда көне айналардың көрмесі өтті

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ерекше көрме есігін ашты. Осыдан отыз ғасыр бұрын қолданыста болған айналар көпшілік назарына ұсынылды. Олардың арасында ежелгі темір дәуірі мен орта ғасырда пайдаланылған айналар бар. 14 қола айна мен оның сынықтары қазіргі айнаға мүлдем ұқсамайды.

Қоладан құйылған жәдіргерлер археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен Батыс Қазақстан экспедициясының қазба жұмыстары кезінде табылыпты. Мұражай қорына түскен алғашқы айна Атырау өлкесіндегі Иманқара қорғанынан табылған. Көне қала Сарайшықтан табылғандары да бар. Бірінің бетінде өсімдікке ұқсайтын өрнектер болса, енді бірінде араб қаріптері жазылған. Пішіндері де әртүрлі. Ғалымдар бұл айналарды, Ұлы Жібек жолы бойында, Қытаймен арадағы байланыс кезінен қалған деп болжап отыр. Көне дәуір құндылықтары келушілердің ерекше қызығушылығын туғызды.

Светлана Нұрпейісова, Атырау тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:

Шамамен 30-шы ғасырдың ар жақ бер жағындағы тарих жатыр. Біздің заманымызға дейінгі ерте дәуірге жататын және бер жағындағы орта ғасырлық айналар. Бұл айналардың барлығы Ұлы Жібек жолында Қытаймен арада байланыс кезінде келген деген археологтар болжамы бар.

Базаргүл ІЗІМОВА