Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шайбалы хоккейден Тольятти қаласының «Ладья» клубын «Снежные Барсы» 10-0 есебімен жеңді

AstanaTV
28.02.2014ж. 20:00
1003
Шайбалы хоккейден Тольятти қаласының «Ладья» клубын «Снежные Барсы» 10-0 есебімен жеңді

Шайбалы хоккейден Ресейдің жастар лигасында сынға түсіп жатқан қазақстандық «Снежные Барсы» командасы клуб тарихында тұңғыш рет плей-офф ойындарына жолдама алды. Бірінші айналымның соңғы кездесуінде Тольятти қаласының «Ладья» клубын қабылдаған Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері 10-0 есебімен жеңіске жетті.


Қазақстан чемпионатында плей-офф ойындары басталды. Теміртау қаласының Арыстан» клубы дәрежелі жарысты сәтті бастады. Алғашқы ойында Астана қаласының «Номад» клубын қабылдаған Вячеслав Беланның шәкірттері 5-2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу басынан қонақтар қақпасына тап берген айдын иелері бірінші кезеңде 2-0 есебімен алға шықты. Алдымен, Атварс Трибунцов есеп ашса, артынан Роберт Крейчи мергендігімен танылды.

Үзілістен кейін тез жиналған елордалық хоккейшілері таразы басын теңестіріп кетті. Бастапқыда Виктор Ивашин сан басымдығын жүзеге асырса, келесі сәтте алаң иелерінің қорғынасын жеке дара бұзып өткен Вадим Ермолаев командаластарының қуанышына бөленді.

Бірақ Александр Высоцкий шәкірттерінің қуанышы көпке созылмады. Үшінші кезеңде жоғары жылдамдықпен қимылдаған Теміртау қаласының хоккейшілері  «Номад» клубының қақпасына қатарынан үш шайба соқты. Алдымен, Роберт Крейчи дубльдің авторы атанса, артынан Яри Саилио мен Сэм Робертс мергендігімен танылды. Бүгін командалар өз ара қарымта кездесу өткізеді.


Самат ҚАНАҒАТОВ