Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысында екі автобустың қақтығысынан 9 адам мерт болды

AstanaTV
03.03.2014ж. 10:00
978
Жамбыл облысында екі автобустың қақтығысынан 9 адам мерт болды

Шұғыл ақпараттан бастаймыз. Жамбыл облысында ірі жол көлік апаты болды. Қордай ауданындағы Алматы-Ташкент жолының 175-шақырымында екі автобус қақтығысып қалды. Салдарынан 9 адам ажал құшты. 53 жолаушы мінген автобус Қырғызстаннан шыққан «Мерседес» шағын автобусымен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты салдарынан «Мерседес» автобусының жүргізушісі мен сегіз жолаушысы опат болған. Олардың кім екендігі анықталып жатыр.

Сонымен бірге, түрлі жарақаттармен 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді, арасында Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары бар. Оқиға туралы өзге ақпараттар алдағы шығарылымда.

Илхам ИБРАГИМ