Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодар машина жасау зауытының сыртқы тапсырыстары 3 есеге төмендеген

AstanaTV
29.04.2016ж. 20:00
2042
Павлодар машина жасау зауытының сыртқы тапсырыстары 3 есеге төмендеген

Павлодар машина жасау зауытының экспорт көлемі 3 есеге азайған. Бұл туралы "Астана" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында зауыт директоры Леонид Белогривый айтты. Кәсіпорынның негізгі тұтынушысы - Ресей - тапсырысты азайтқан. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдер Қазақстанның крандарына тапсырыс беріп отырған жоқ. Леонид Белогривыйдың айтуынша, Қырғызстан мен Арменияда жүк крандарын қолдануға болатын ауыр өндіріс жоқ. Ал Белоруссияға жол алыс болғандықтан, тауардың өзіндік құны да артады. Сол себепті бұл бағыттар тиімсіз. 

Леонид Белогривый, «ERG SERVICE» АҚ филиалы Павлодар машина жасау зауытының директоры:

Өкінішке орай, әлемдегі қазіргі экономикалық жағдайға орай тапсырыс ауқымы төмендеді. Экспорт туралы айтсақ, оның көлемі үш есеге азайды. 2012 жылы Ресей Федерациясына 450 млн теңгенің өнімін жеткіздік. Ал 2015 жылы ол көрсеткіш тек 120 млн теңгені құрады. Ал биыл 200 млн теңгенің тауарын жеткіземіз бе деп отырмыз. Күтіп отырмыз, әзірге нақты келісімшарттармен бекітілген жоқ. Ал ішкі нарықты айтсақ, ішкі нарықтаға жұмыс ауқымы 4 есеге артты.

Павлодар машина жасау зауытының қазіргі жаңашылдығы - 140 тонналық жүк көтергіші. Ол максималды түрде 172 тонна жүк көтере алады. Павлодарда ғана емес, Қазақстанда бұрын-соңды мұндай салмақ көтере алатын кран құрастырылмаған. Тапсырыс беруші - Ақсу ферроқортпа зауыты. Биыл аталмыш кәсіпорынға Павлодар машина жасау зауыты 140 тонналық екі жүк көтергіш дайындап бермек. Бірақ кранның бағасы туралы ақпарат құпия. Зауыт директоры Леонид Белогривый тек "Казхром" компаниясымен биылғы жылға 1 млрд 650 теңгеге кран жеткізуге келісімшарт қабылдағанын айтты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ