Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Денесінің 95%-ын күйік шалған 6 баланың анасы Жанель Ахметова көз жұмды

AstanaTV
04.03.2014ж. 20:00
1474
Денесінің 95%-ын күйік шалған 6 баланың анасы Жанель Ахметова көз жұмды

Денесінің 95 пайызын күйік шалған 6 баланың анасы Жанель Ахметова көз жұмды. Бүгін дәрігерлер осындай суық хабарды жеткізді. 19 ақпаннан бері өліммен арпалысқан Жанельдің жүрегі шыдамады.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданына қарасты Қосестек ауылының тұрғыны ауруханаға ауыр халде жеткізілген болатын. Жақындары болған жайтқа марқұмның күйеуін кінәлаған еді. Ал Жанель Ахметованың өзі бұл жағдайды оқыс оқиғаға балады. Қазіргі таңда прокурорлар қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Жақындары болса Жанельдің сүйегін туған ауылына жеткізудің қамына кіріскен.


Арина Тілеубаева, Ж. Ахметованың бөлесі:


Бүгін менің анам түске дейін ауруханаға келген. Жанельге дәрігерлер жаңа дәке орап жатқан болатын. Халі мүшкіл, әлсіз болды. Анам кеткен соң дәрігерлер оның көз жұмғандығын хабарлады. Қазір мүрдесі мәйітханада. Сот-медициналық сараптама болады.


Мансұр ЕСҚОЖИН