Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өскеменде келіндер сайысқа түсті

AstanaTV
05.03.2014ж. 20:00
1255
Өскеменде келіндер сайысқа түсті

Өңірдің әр ауданынан жиылған он бір келін қазақы киім киіп, ұлттық тағам әзірлеуден сайысқа түсті. Олар өзін жиналғандарға таныстырып, өзге де өнерін ортаға салды. Қазы-қарта, қымыз, бауырсақ пен талқанды дастарханға жайған жас келіндердің біліктілігіне әжелерден құралған қазылар алқасы баға берді. Сондай-ақ келіндердің жүріс-тұрысы мен сөз саптауы, табақ тартып, шай құю мәнері де әжелер назарынан тыс қалмады.

Мөлдір Төлеуова, сайысқа қатысушы:

Сайысқа қатысып көп дүние үйрендім. Үйде тамақ пісірген бір бөлек, осылай сынға түсіп, көпшілік арасында әзірлеген мүлдем басқа дүние екен. Сайыс мені көп дүниеге үйретті. Жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегіміз бар.

Қанат ОРАЛБЕК