Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылорда облысында 16-жастағы бозбала жолаушылар пойызының астына түсті

AstanaTV
07.03.2014ж. 13:00
1315
Қызылорда облысында 16-жастағы бозбала жолаушылар пойызының астына түсті

16-жастағы бозбала жолаушылар пойызының астына түсіп мерт болды. Қайғылы оқиға Қызылорда облысы аумағындағы Белкөл стансасы маңында тіркелді.

Жасөспірім Алматы-Ақтөбе бағытындағы №23 пойыздың астына түскен. Алған жарақаты салдарынан ол тіл тартпай кетті. Тиісті тексеру шаралары жүріп жатыр.

Бұл теміржолдағы алғашқы бақытсыз жағдай емес. Соңғы уақытта отарбаның қатысуымен болатын апаттар жиілеп тұр. Бір ғана мысал, өткен жылдың қараша айында Жамбыл облысындағы Боранды стансасы аумағында электровоздың астына түсіп сегіз жасар қыз бала мерт болған еді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА