Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Паралимпиада ресми салтанатында Қазақстан туы көтерілді

AstanaTV
07.03.2014ж. 13:00
870
Паралимпиада ресми салтанатында Қазақстан туы көтерілді

Сочидегі Паралимпиада ауылында Қазақстан туы көтерілді. Туларды көтеру салтанаты қатысушылардың барлығы түгел келіп біткенде жасалатын рәсім. Биыл ауылға барлық қатысушылар бірден сыя қоймады. Сондықтан рәсім үш күнге созылды.

Айта кетейік, бүгін ойындардың салтанатты ашылуы өтеді деп күтілуде. Қазақстанның атынан 5 спортшы қатысып отыр. Олар - шаңғышылар Александр Колядин, Жаңыл Балтабаева, Елена Мазуренко, Ерлан Омаров және шаңғышы-биатлонист Кайрат Қанафин.

Отандық делегацияны ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Дархан Қалетаев пен Ұлттық паралимпида комитетінің вице-президенті Галина Ванина басқаруда. Спорт сайыстары 16 наурызға дейін өтеді. Оған бас-аяғы 45 мемлекеттен 575 спортшы қатысады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА