Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Таразда өрт болып, екі адам көз жұмды

AstanaTV
10.03.2014ж. 20:00
782
Таразда өрт болып, екі адам көз жұмды

Таразда өрт болып, екі адам көз жұмды. Төтенше оқиға «Казқайқармет» акционерлік қоғамының Жамбыл облысындағы филиалында болды. Жұмысшылар демалатын бөлмеде тұтанған жалын 20 шарты метрді шарпыған. Салдарынан аталмыш темір қабылдайтын мекеменің бір жұмысшысы мен тағы бір 50-55 жас шамасындағы белгісіз әйел адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 20 маман 1 сағатта әрең сөндірген. Апаттың шығу себебі белгісіз.


Сәуле Мұнатаева, Жамбыл облысы бойынша ТЖД баспасөз хатшысы:


Өрт 9 наурыз күні таңғы сағат 8 шамасында болды. Қызыл жалын жұмысшылар демалатын орында тұтанған. Марқұмдардың бірі - жасы 58-дегі сол жердегі жұмысшының бірі. Ал екінші қаза болған адам белгісіз әйел адам болып тұр. Әзірге өрт оқиғасының шығу себебі анықталған жоқ.


Данияр ӘЛІМҚҰЛ