Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағанды суретшілері нәзік жандарға арналған көрме өткізді

AstanaTV
10.03.2014ж. 20:00
1034
Қарағанды суретшілері нәзік жандарға арналған көрме өткізді

Әйелдер мерекесіне тағы бір тарту! Қарағанды суретшілері нәзік жандарға арналған көрме өткізді. Натюрморт, пейзаж және портреттердің тақырыбы ортақ - әйел табиғатын таныту.  Көктем арқылы әйел образын жеткізбек болған қылқалам шеберлері қала жұртшылығын таң қалдырды.

Картиналар авторлары - Қарағанды суретшілер мектебінің жас ұстаздары. Әр суретшінің қолтаңбасы ерекше. Мысалы, бірі аруды домбырамен теңестірсе, енді бірі қызды құмырадағы гүлге балапты. Аэрографика стиліндегі мына туынды да келушілердің көз жауын алды. Жас суретшілер ұйымдастырған көрме залы лық толды.


Ерсін Темірғалиев, мүсінші:


Бұл жұмыс өмірдің жаңадан басталғанын, жаңа дәуірдің бастауын көрсетеді. 8 наурыз мерекесімен бүкіл әйелдерді, апаларды, әжелерді, қарындастарымды құттықтаймын. Бәріне денсаулық, өмірлеріне бақыт.  


Әлия ӘШІМ