Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкентте бір отбасы үйінді астында қалып қоя жаздады

AstanaTV
11.03.2014ж. 10:00
1316
Шымкентте бір отбасы үйінді астында қалып қоя жаздады

Шымкентте бір отбасы үйінді астында қалып қоя жаздады. Оқиға болған мезетте баспана ішінде бес адам болған. Жеке үйдің бір қабырғасы кенеттен опырылып түскен. Бұл өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынған үй екен.

Тыл ардагері - Юрий Лапковский бұл үйде жалғыз өзі тұрады. Қыздары мен немерелері оған қонаққа келіпті. Меймандармен алаңсыз дастархан басында отырған отбасы кенеттен гүрс еткен дауыс естиді. Артынша үйімнің сол жақ бөлігі түгелімен жапырылып қалыпты, - дейді отағасы.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қауіпті баспананы қоршап қойды. Қарт кісінің үйінді астында қалған заттарын шығаруға да көмектесті. Құжаттар мен қару сақталған сейфті де шығарысты. Онда сексенді алқымдаған тыл ардагерінің төс белгілері де бар екен. Апат салдары әзірге белгісіз.

Нұралы Әбенов, ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» Мемлекеттік мекемесінің жоғарғы санатты құтқарушысы:

Оқиға салдарынан адам баласына ешқандай қауіп төнген жоқ. Қазір осы оқиғаның салдары, құлау салдары анықталу үстінде. Бұл үйде адам тұруға өте қауіпті. Өйткені
, оң жақ қатпалындағы бір қабырға, бір қатар дуал түгелдей құлап түскен.