Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда құрылыс материалдарын сататын «Азат» сауда үйі отқа оранды

AstanaTV
11.03.2014ж. 20:00
984
Алматыда құрылыс материалдарын сататын «Азат» сауда үйі отқа оранды

Алматыда құрылыс материалдарын сататын - «Азат» сауда үйі отқа оранды. Төтенше жағдай жөніндегі қызметтің  мәліметі бойынша, қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Адамдар дін аман. Оқыс оқиғадан сатушылар абдырап қалған. Куәгерлердің айтуынша, өрт күндізгі 11-ден өте басталған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төрт қабатты ғимараттан 45 адамды тысқа шығарды. Бір сағатқа жуық лаулаған өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен 80-нен аса маман жұмылдырылды. Өрт себебі әлі анықталған жоқ.


Ольга Петрова, куәгер: 


Было три хлопка, редкий дым, и ничего дальше, начали все выбегать, спасать вещи, товар, технику. Паника, конечно, была, люди начали бегать, паника, начали вытаскивать вещи.


Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:


Құрылыс материалдары мен сауда үйіндегі кеңселер өртенді. Өрттің неден тұтанғанын Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің анықтау тобы анықтап жатыр.


Досжан МАРАТҰЛЫ