Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Теннистен АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында «Мастерс» турнирі жалғасуда

AstanaTV
11.03.2014ж. 20:00
946
Теннистен АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында «Мастерс» турнирі жалғасуда

Теннистен АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында «Мастерс» турнирі жалғасуда. Дәрежелі жарыста сынға түсіп жатқан Қазақстан спортшысы Михаил Кукушкин екінші кезеңнен сүрінбей өтті. Енді үшінші айналымда отандасымыз Испания теннисшісі Фелисиано Лопеспен ширек финал жолдамасын сарапқа салады. 

Швейцария спортшысы Роджер Федерер Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды. Дәрежелі жарыстың үшінші кезеңінде әлемнің 8-ші ракеткасы Ресей теннисшісі Дмитрий Турсуновпен кортқа шықты. Кездесу басынан алма-кезек шабуылға шыққан спортшылар бірқалыпты өнер көрсетті. Тек тай-брейкте жолы болған Федерер бірінші сетте 7-6 есебімен алға шықты.


Үзілістен кейінде спортшылар аянып қалмады. Негізгі уақыт 6-6 есебімен тең аяқталғандықтан, бұл жолы да жеңімпаз тай-брейкте белгілі болды. Бұл жолы да қателіке бой алдырмаған Швейцария спортшысы ширек финалға жолдама алды.


Келесі ойында Ұлыбритания теннисіші Энди Маррей Чехия спортшысы Иржи Веселыймен сынға түсті. Бірінші сетте табандылығымен танылған чехиялық 7-6 есебімен алға шықты. Дегенмен қалған уақытта тез жиналып, қарсыласының бас көтеруіне мүмкіндік бермеген Энди Маррей екі сетте қатарынан 6-4 есебімен жеңіске жетті.


Самат ҚАНАҒАТОВ