Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда «Күзет» қызметкері серігін өлтірді

AstanaTV
19.03.2014ж. 10:00
1100
Ақтауда «Күзет» қызметкері серігін өлтірді

Ақтауда «Күзет» қызметкері өз әріптесін өлтірді. Бұл туралы жергілікті «Лада» басылымы жазды.

Белгілі болғандай, 20 жастағы күзетші қолдағы автоматпен ойнап отырып, қасындағы серіктесіне абайсыздан оқ атқан. Зардап шеккен азамат жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Әзірге белгілісі осы. Ақпар бойынша, оқыс оқиға «Қазатомпром» кәсіпорнының сорғы станциясында орын алған.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы:

Осы атылған дене жарақатынан азамат өз-өзіне келмей, қайтыс болады. Осы дерек бойынша Маңғыстау Ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда полиция кіші сержанты азамат К қамауға алынды.

Жұрағат БАМАН