Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда ірі жол көлік оқиғасы болды

AstanaTV
26.03.2014ж. 20:00
1071
Атырауда ірі жол көлік оқиғасы болды

Атырауда ірі жол көлік оқиғасы болды. Қалаға кіреберісте тіркемесі бар КАМАЗ бен «Опель» автокөліктері соқтығысқан. Оқыс оқиға кезінде жүк көлігі жеңіл көлікті жаншып барып аударылыпты. «Опель» тізгініндегі қыз бала аса ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Ал тіркемесімен қоса аударылған Камаздағы 20 сиырдың көбі арам өліпті. Мал иесі кейбірін бауыздап үлгерген. Жүргізушінің сөзінше, ол Оралдан Ақтау қаласына мал сатуға кетіп бара жатқан екен.


Базаргүл ІЗІМОВА