Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Батыс Қазақстан облысының ауыл маңына ресейлік зымыран құлады

AstanaTV
28.03.2014ж. 13:00
961
Батыс Қазақстан облысының ауыл маңына ресейлік зымыран құлады

Апаттың себеп-салдары анықталғанша, Ресейге жалға берілген жауынгерлік алаңдарды пайдалану мен Қазақстан аумағында сынақтар жүргізу уақытша тоқтатылды. Бұл жайында бүгін Қорғаныс министрлігі жазбаша ақпарат таратты. Оған себеп, Батыс Қазақстан облысына құлаған Ресейдің МН-300 метеорологиялық зымыранының құлауы.

Оқыс оқиға наурыздың 26-нан 27-не қараған түні Бөкей Ордасы ауданындағы Шоңай ауылының маңында орын алды. Зымыран ауылдан 500-600 метр қашықтықта құлапты. Ол 4 бөлікке бөлініп, оның қалдықтары 50 метрге дейінгі қашықтықта шашылған. Қазір оқиға орнынан шекарашылар қоршауға алған.

Аудандық атқамінерлерден бөлек, облыс орталығынан төтенше жағдай мамандары, экологтар, прокуратура өкілдері ауылға аттаныпты. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, сынақ барысында қозғалтқыш қондырғысы істен шығып, зымыран полигон аумағына жетпей құлаған. Сондай-ақ, құлаған зымыран қалдықтарынан зардап шеккендер жоқ, экологиялық залал келтірілмеген. Қазақстандық Қорғаныс министрлік осындай сілтеме жасады.

Тілшілерімізбен тілдескен ауыл тұрғындары елді мекендегі жағдайдың қалыпты екендігін, құлаған зымыраннан ешкімнің зардап шекпегенін айтты. Оқиға орнындағы мамандар оларға ауаға радиация таралмағынан айтқан.

Сағындық Жұмагелдиев, БҚО Бөкей Ордасы ауданы Шоңай ауылының тұрғыны:

Сынықтарды барып көрдім. 5-6 метрдей сияқты, көп жақындатпайды. Шамамен 100 метрден көрдім. Онда милиция мен пограничниктер толып жүр. Көп
жақындатпайды.

Еркін ҚАРИН