Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағандыда тасқыннан 4 адам қаза тапты

AstanaTV
31.03.2014ж. 10:00
1151
Қарағандыда тасқыннан 4 адам қаза тапты

Суыт хабардан бастаймыз. Қарағанды облысының Көкпекті ауылы су астында қалды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Қазір оқиға орнында біздің тілшілеріміз жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 125 адам бұл апаттан құтқарылды. Су мөлшерінің көптігі мен оны өткізіп тұратын шлюз камерасының жоқтығынан Көкпекті су қоймасының бөгетінде төтенше жағдай орнаған. Кеше кешкі сағат алтылар шамасында бөгеттен аса көп мөлшерде су ағып кеткен. Өзен жағасында орналасқан Көкпекті ауылындағы 70 үй мен Сортировка ауылындағы 30 үйдің тұрғыны құтқарылды. Бас-аяғы - 360 адам туыстарымен мектепке орналастырылды. Түнгі сағат 1:30-да тағы да 100 үйді су шайып кетті, судың биіктігі 2 метрге дейін жеткен. Толассыз аққан су тасқыны тек түнгі үштер шамасында басылған. Қазіргі кезде Көкпекті ауылындағы мектепте құтқарушы штаб пен дәрігерлік пункт құрылды.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко оқиға орнына ұшып кетті. Оқиғаны көзімен көрген жергілікті тұрғыннан телефон арқылы берген сұхбатын тыңдаңыздар.

Сымбат МОЛДАТАЙ