Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда көп балалы отбасы өрттен аман қалды

AstanaTV
01.04.2014ж. 20:00
1561
Ақтауда көп балалы отбасы өрттен аман қалды

Ақтауда көп балалы отбасы өрттен аман қалды. Тілсіз жау кешкі ас мезгілінде басталған. Көк түтінге булыққандар терезеден шығуға мәжбүр болған. Мамандар өрттің қайдан шыққандығын анықтап жатыр. Үйлері түруға жарамсыз. Қазір Өтешевтер отбасы 3 бөлмелі пәтерде туыстарының үйін паналауда. Төтенше оқиғадан соң қайырымды жандар ақшалай қолдау көрсетіп, киім-кешектерін жеткізіп беріп жатыр.

Айман Утешева әлі өз-өзіне келе алмай отыр. Екі аптадан кейін 37 жастағы ананың 11-баласы дүниеге келеді. Перзентханадан шыққан соң ана қайда барарын білмейді. Бір күн бұрын оның жанұясы жалғыз үйінен айырылған. Кіре-берісте шыққан өртті Айманның кіші қызы байқаған.

Айман Өтешева:

Мен балаларды тамақтандырып, шомылдырайын деп жатқам. Бүгін олар мектепке бару керек еді. Олар диванда отырған еді, кенет өртеніп жатқанын көріп, қорыққаннан киімсіз жалаң аяқ терезеден секіріп кетті.

Өрт сөндірушілер келгенше отбасы қызыл жалынмен өздері күрескен. Көршілері де қол ұшын созған. Алайда алау бар үйді шарпыған. 20 минуттың ішінде 106 шаршы метр жанып кетті.

Сәтжан Өтешов:

Мен үйден жалаң аяқ, ал қарындас, інілерім болса жеңіл жейдемен жүгіріп шықтық. Біз осында тұрып үйдің өртенгенін қарап тұрдық. Сосын өрт сөндірушілер келді. Кейбірімізге тыныштандыратын дәрі берді. Аяныштысы ұзақ жұмыс істеген компьютердің жанып кеткені. Сабаққа дайындаған мазмұндамаларым да сонда қалды.

Құжаттар да жанып кеткен. "Енді перзентханада құжаттарсыз қабылдамайды", - дейді аяғы ауыр ана. Мамандар тілсіз жаудың қалай шыққандығын анықтауда.

Жақсылық Әбішев, Ақтау қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:


Өрт балалардың компьютерді өшірмеуінен немесе электр сымдарының әсерінен шығуы да мүмкін.


Өтешевтерге алғашқы көмекті Ақтау қаласының қайырымды жандары көрсетті. Тіпті көмекке үндейтін арнайы сайт та құрылған. Адамдар тұрмысқа керекті заттар мен қатар киім-кешектер тасуда. Қазір жәбірленген жанұя туыстарының үйінде тұрып жатыр. Бір-екі аптадан кейін отбасының он біріншісі мүшесі дүниеге келеді.

Айман НҰРМАҒАНБЕТ