Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада Серік Сәпиев жайлы деректі фильм үздік атанды

AstanaTV
03.04.2014ж. 13:00
955
Астанада Серік Сәпиев жайлы деректі фильм үздік атанды

«Серік Сәпиев. Олимпиадаға жол» атты деректі фильм XII халықаралық кинофестивальдің «Нағыз батыр» аталымы бойынша жүлдегер болды. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабар таратты.

Олимпиада жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы жайлы түсірілген фильмнің авторы, әрі продюсері Ольга Сапожникованы Мәскеуде фестивальдің құрметті президенті құттықтады.

Айта кетейік, спорттық кино жанрындағы ТМД және Еуропа елдерінің форумына 23 мемлекеттен алты аталым бойынша 77 деректі және көркем ленталар ұсынылған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА