Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодар маңындағы ауылдардың бірінде 4 адамнан тұратын отбасын өлтіріп кетті

AstanaTV
07.04.2014ж. 10:00
1401
Павлодар маңындағы ауылдардың бірінде 4 адамнан тұратын отбасын өлтіріп кетті

Павлодар облысында түгелдей бір отбасының мүрделері табылды.

Жедел ақпар бойынша, қаза болған ер және әйел адамның, бұған қоса екі кәмелетке толмаған балалардың денелері қала маңындағы жер үйден табылған.

Тергеушілердің пайымдауынша, 4 пен 6 жасар балаларды және әйел адамды төсек үстінде бауыздап кеткен, ал ер адамның асылып тұрған мүрдесі табылған. Көршілері мерт болған азаматтардың қарапайым, тыныш жанұя болғандығын айтуда.

Қазіргі таңда қайғылы оқиға жіті тексерілуде. Павлодарлық құқық қорғаушылар әлі де толықтай ақпар берер емес. Оқиға орнында жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Жұрағат БАМАН