Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда ауыр машинажасау зауытында ірі өрт шықты

AstanaTV
09.04.2014ж. 10:00
1612
Алматыда ауыр машинажасау зауытында ірі өрт шықты

Алматыда ауыр машинажасау зауытында ірі өрт шықты. Қызыл жалын 165 шаршы метр жерді шарпыған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт кеше кешкісін негізгі цехтың екінші қабатындағы мұрағаттан шыққан. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 65 адам мен 5 техника жөнелтілді.

Министрліктің хабарлауынша, сағат 18:36-да шыққан өрт кешкі 7 шамасында толық сөндірілді.

Сымбат МОЛДАТАЙ