Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай Талдықорғанда ақындар айтысы өтіп жатыр

AstanaTV
16.04.2014ж. 20:00
2000
«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай Талдықорғанда ақындар айтысы өтіп жатыр

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай бүгін Талдықорғанда ақындар айтысы өтіп жатыр. Партияның Алматы облыстық филиалы мұрындық болған айтыс тақырыбы - «Бір халық - бір ел - бір тағдыр».

Мерекелік шарада танымал айтыс ақындары Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сағадат Дидар Қамиев, Бекарыс Нұриманов, Сырым Әуесхан және басқа да шешен сөз шеберлері өнер көрсетуде. Айтыскерлер бес номинация бойынша, оның ішінде сурет, бейнесұрақ, бейнеролик, қайым айтыс және өтірік өлең тақырыптарында бақ сынасуда. Айтыстың жалпы жүлде қоры 8 миллион теңге. 

Жұрағат БАМАН