Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысында жүк поезының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті

AstanaTV
21.04.2014ж. 20:00
1572
Жамбыл облысында жүк поезының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті

Ал Жамбыл облысында жүк поезының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға күндізгі сағат 2 жарымдар шамасында Рысқұлов ауданындағы «Луговой-Қорағаты» шойын жолы аралығында болды.

Шудан Жамбылға бет алған 52-ші тіркемелі поездың 13 вагоны рельстен ауытқып кеткен. Салдарынан № 56 "Қызылорда-Көкшетау" бағытындағы поезд төрт сағаттай, "Атырау-Алматы" поезі 1 сағаттан астам уақыт тоқтап тұрды. Ал № 55-ші «Көкшетау-Қызылорда» поезы уақытынан 3 жарым сағатқа кешіккен.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. 4 сағатта шойын жолдар жөнделіп, пойыздар қозғалысты жалғастырған. Ал апаттың шығу себептері анықталуда.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ