Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысында автоцистерна аударылып, 17 тонна дизель жанармайы төгілді

AstanaTV
24.04.2014ж. 10:00
932
Жамбыл облысында автоцистерна аударылып, 17 тонна дизель жанармайы төгілді

Алматы-Ташкент тас жолында дизельдік отын толтырылған автоцистерна аударылып, жүргізушісі қаза тапты.

Оқиға Жамбыл облысы Мерке ауданында орын алған. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол апаты сәрсенбі күні Алматы-Ташкент тас жолының 346-шы шақырымында болды. КамАЗ-дың аударылу салдарынан 17 тонна дизельдік отын төгілген.

Ақпаратқа сүйенсек, автоцистерна «Тараз-Филиал СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серкітестігіне тиесілі. Қазіргі таңда апаттың себеп-салдары анықталуда.

Жұрағат БАМАН