Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада "Көркем" тұрғын үй құрылысында болған ТЖ салдарынан 18 адам жарақат алды

AstanaTV
25.04.2014ж. 13:00
1225
Астанада "Көркем" тұрғын үй құрылысында болған ТЖ салдарынан 18 адам жарақат алды

Астанада тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған төтенше жағдай салдарынан 18 адам жарақат алды. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Көркем" кешенінің құрылыс орнында көлемді металл конструкциясы опырылып құлаған. Оқиғаға еріксіз куә болған екі адамға психологиялық көмек көрсетілді.

Қазір оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 4 негізгі және 1 қосымша техника бірлігі, бұған қоса жеке құрамның 37 адамы жұмылдырылды. Сондай-ақ құтқарушылар, қала әкімдігі, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. 

Аягөз Фазылова, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бүгін таңертең 8 ден 57 минут кеткенде "Көркем" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында металл құрылыстарының құлауы туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткен кезде, үйінділердің арасында 4 адам қалып қалғандығы анықталды. Құтқарушылар оларды үйінділер арасынан алып шықты. Оқиға орнында 5 жедел жәрдем қызметі қызмет атқарып, адамдарға көмек көрсетті. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 18 адам жарақат алды. Опат болғандар жоқ.

Жұрағат БАМАН