Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Петропавлда былғары зауыты ауданындағы үйлерді топан су басты

AstanaTV
30.04.2014ж. 20:00
1697
Петропавлда былғары зауыты ауданындағы үйлерді топан су басты

Петропавлда былғары зауыты ауданындағы үйлерді топан су басты. Ернеуінен асып аққан Есіл өзенінің суы 5 баспанаға қауіп төндірді. 

Су кірген 5 үйдің де тұрғындары мал-мүлкін қауіпсіз жерге көшіріп үлгеріпті. Серік Мусин қорасындағы 10 қойын уақытша туыстарына апарып тастаған. Алайда баспанасын қараусыз тастап кетуден бас тартып отыр.

Айтуларынша, тасқын судан қауіп күннен күнге күшейіп келеді. Құтқарушылардың айтуынша, су деңгейінің әлі де көтерілуі ғажап емес. Олар қазір қауіпті аймақтың маңында бекет орнатып, күні-түні кезекшілік етуде.

Абзал ҚҰРМАНКИН