Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бала тәрбиесі, кітап оқу культі... жазушымен сұхбат

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
4237
Бала тәрбиесі, кітап оқу культі... жазушымен сұхбат

Жаңа «Өзге пікірде» айтылғандай тәрбие демекші, Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің басшысы Сәуле Айтпаева ата-аналар балаларын жақсы баға алғаны үшін мақтап, жаман баға үшін даттау әдісін қою керек деп есептейді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары жөніндегі республикалық конференцияда айтқан. Ол біздің тек ақыл айтуға шебер екенімізді, ал тек құр сөзден тәрбие жұпайтынын, балалардың біздің әрекетімізге, іс-қимылымызға қарап – содан үлгі алатынына тоқталған. Сондықтан бала мықты азамат болуы үшін бірінші кезекте біз - ата-аналар, өзіміз мықты болуымыз керек!

 Осы аптада ұлы жазушы, Италияның баласы  - Умберто Эко мәңгілік мекеніне кетті. Кейде ойлаймын, біз – қазақтар әлемдегі ұлы жазушыларды «дұрыстап» оқымаймыз-ау деп. Оны айтасыз, кітап оқу культі жоғалып кетті. Біздің уақытта интеллектуалды роман жазып жүрген аз қазақтың бірі Дидар Амантаймын Умберто Эко, басқа да мәселелер жайлы сұхбаттастық. 

Оның «Махамбет философиясы», «Қарқаралы басында», «Қастерле мені» сияқты бірнеше кітабы жарық көрген. Құрама Штаттарда екі рет басылған, Францияда, Германияда, Түркия, Моңғолияда жарыққа шықты. Ұйғыр, корей тілдеріне аударылған, жақында басылады екен. Мәскеуде бір кітабы баспада.

Дидар Амантай, жазушы:

«Раушан есімі» бұл өте күрделі роман. Сонымен қатар қабат-қабат астары бар роман. Шіркеудің ықпалы қандай ықпалы болуы керек. Шіркеу мемлекеттік саясатқа ықпал ете ала ма? Христиан әлеміне, басқа әлемге әсер ете ала ма? Яғни Иса пайғамбар бай болды ма, жоқ әлде кедей болды ма? Өйткені егер Иса пайғамбар бай болса, онда шіркеу де ақша табуына болады деген сөз. Егер Иса жарлы болды десе, онда шіркеу де сондай жағдайда өмір сүруі керек деген жағдай туындайды...

...Көптеген себептері бар Гитлердің неге соғыс ашқаны жөнінде. Бірақ Гитлер кездейсоқ болғанымен, сол замандағы әлеуметтік дағдарыстар бәрібір басқа Гитлерді тудыратын еді. Соны тудырмас үшін адам білімді болуы керек...

 Бірінші әнші ән айтады, екінші әнші сұхбат береді. Үшінші әнші сұхбат алады. Төртінші әнші сыйлықпен марапатталады. Таң атқаннан кеш батқанша сол. Сонда ғылым қайда, философия қайда, физика қайда? Кітапқа қайта оралмайынша бір-бірінің баласын ұрлаған, немересін машинадан лақтырып кететін, балаларын тастап кететін келеңсіз жайттар біздің өмірімізде азаймайды. Кітап бізді ізгілікке жетелейді.