Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бір миллион теңгеге валюта сатып алу үшін, жеке куәлік талап етілмек

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1392
Бір миллион теңгеге валюта сатып алу үшін, жеке куәлік талап етілмек

Бұдан былай миллион теңгеге валюта сатып алатындардан жеке куәлік талап етіледі. Бұл ақша ізін жасырып, терроризмді қаржыландырудың алдын алу үшін жасалған шара. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз мәлімдемесін таратты. Онда бұл салада бірқатар өзгерістер енгізілетіні айтылған.

Ақша айырбастау бекеттері демалыс және мереке күндері валютаның сату, сатып алу бағамын өздері белгілейтін болды. Ал теңге не валюта тапшылығы болмас үшін, банктермен келісімшартқа отырулары тиіс. Бұл ақша айырбастау пункттерінің үздіксіз әрі ашық жұмыс істеуі үшін қолға алынған шара деп жазылған хабарламада. 

Айгүл ЕРМАХАН