Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ-та қазақ балаларын өлтірген өгей әке бұған дейін түрмеде отырған

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
1918
АҚШ-та қазақ балаларын өлтірген өгей әке бұған дейін түрмеде отырған

Америкада Дамир және Тимур есімді екі бірдей қазақ баласын атып өлтірген АҚШ азаматы бірнеше мәрте сотталған болып шықты. Бұл туралы  Асошиэйтид Пресс хабарлады. 51 жастағы Дэвид Кэмпбелл 96 жылдан бері қылмыстық жауапқа тартылып келген. Алаяқтықпен жалған түбіртек, құжаттарды қолдан жасап, ұрлық істеген. Соңғы рет 5 жыл түрмеде отырып шыққан. Бүгін Американың Қазақстандағы елшілігі қанды оқиғаға орай қайғыларын білдіріп, істің жіті тексеріліп жатқанын жеткізген. Ал жұмадан бері ақпарат бермей жатқан еліміздің сыртқы істер министрлігі бүгін балалар АҚШ азаматтары болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ал бұған дейін балалар құқықтарын қорғау комитетінің басшысы екі бала да Қазақстан азаматтары деген болатын. 

 ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшылығы

Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарына қайғылы оқиғаны жан-жақты зерттеп, тергеуге қатысты ақпарат беру жөнінде сауал жолдады. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдарда АҚШ азаматтығы болған. Бұл сұрақ СІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Естеріңізге сала кетсек, Американың Вашингтон штатында тұрып жатқан Тимур  мен Дамирді өгей әкесі өткен жұма күні атып тастады. Карлсондар отбасы қара көздерімізді Щучинск балалар үйінен 14 жыл бұрын асырып алған. Оларды қырып салған асырап алған әйелдің екінші күйеуі - Дэвид Кемпбэл. Ол жасөспірімдермен қоса, әйелін және тағы бір қыз баланы атады. Кейін өз-өзіне қол салған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ