Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға қатысқан 30 компания салық төлеуден жалтарған

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
1762
«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға қатысқан 30 компания салық төлеуден жалтарған

«Нұрлы жол» мемлекетік бағдарламасын іске асыруға қатысқан 30 компания салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер мәлімдеді. 8 бағыт бойынша 434 салық төлеуші тексерістен өткен. Нәтижесінде салықтық жүктемелері тым төмен бас мердігерлер анықталды.

Мәселен, мектеп пен аурухана құрылысын қолға алған компаниялардың 87 пайызында салық жүктемесі тым төмен. Көп жағдайда жұмысшылары мен мүлкі, тіпті заңды мекен-жайы жоқ жалған кәсіпорындар кездескен. Сол жауапсыз салық төлеушілер барлық жерде мемлекеттік сатып алуларға қатыса берген. Мұндай жүйе салықты азайтып көрсетіп, жұмысты қымбаттатуға әсер етеді.

Серік Айсин, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті аудит басқармасының басшысы:

Салық төлеуші заң бойынша тауар мен қызметті жеткізуші үшін жауап бермейді. Мемлекеттік кіріс органдары мен әкімдіктер бас мердігерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ