Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мерзімінен бұрын өтуі мүмкін сайлау жайлы сарапшы пікірі – «Біздің сұхбат»

AstanaTV
16.01.2016ж. 20:00
3174
Мерзімінен бұрын өтуі мүмкін сайлау жайлы сарапшы пікірі – «Біздің сұхбат»

Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина ханыммен  Мәжілістің тарату туралы өтініші мен болуы мүмкін сайлау туралы сұхбат.

Алуа Серікқызы, Парламент Мәжілісі өздерін таратуды сұрап, Президентке өтініш жіберді. Осы ұсыныстың саяси астары қалың ба, экономикалық негіздемесі көбірек пе?

- Жауап: Жалпы бұл депутаттардың үндеуінің саяси да, экономикалық та негізі бар. Бір жағынан әлемдегі экономикадағы өзгерістерді, турбуленттік кезеңді  көріп отырмыз. Осы өзгерістерге байланысты мемлекет тез қимылдауы керек. Өзінің саясатында кейбір өзгерістерді жасап отыруы керек. Екінші жағынан, бізде 2015 жылдан бері жасалып жатқан 5 институттық реформаға қатысты бізде заңнамалық негіз бар. Ол реформа саяси-экономикалық жақтарды қамтығаннан кейін әлі де заңнаманы жетілдіру керек. Оған парламенттің тарапынан өте белсенді қызу жұмыс керек болады. Әсіресе үкіметпен бірлесе отырып. Ол үндеудің саяси астары. Сол себепті үндеудің саяси да , экономикалық да, халықаралық қауіптерге байланысты негізі бар.

- Сауал: Егер Президент ұсынысы құп алып, сайлауды белгілесе, парртиялардың арасында тартыс басталады. Қазір Мәжілісте 3 партияның фракциялары бар. Әрине, саяси додағы басқа партиялар да қатысады. Соның деңгейі қаншалықты болады.

- Жауап: Қазіргі  партиялардың арасында «Бірлік» партиясы, «Ақ жол» партиясы сайлау өтсе, қатысатындарын жариялады. Енді бұл сонымен қатар, кейбір біріккен партиялардың альянсы шығар.

- Сауал: Образы сипаттап бере аласыз ба, қандай депутат керек? Білімі , жасы?

- Жауап: Әлемдік тәжірибені жақсы білетін, тілдерді меңгерген, ағылшын  тілін жақсы білетін, себебі, мысалы біз Астана халықаралық қаржы орталығын құрайын деп жатырмыз. Соның барлығына жауап беретін маман. Аймақтардың мәселелерін білетін маман. Жас ерекшелегіне қарасақ, қазір үкімет жастау. Соған тепе-тең болу үшін, білікті болу үшін өзінің көзқарасын білдіру үшін, идеясын ұсыну үшін парламенттің де одан кем болмауы керек.

- Сауал: Қандай технологиялар көбірек қолданылады, сайлау өтсе?

- Жауап: Енді қазір 2012 жылы болған сайлауға қарағанда сайлау технологиялары өзгерді. Қарапайым мысал, әлеуметтік желілер арқылы сайлау кампанияларын ұйымдастырып жатыр. Электрондық технологиялар басымырақ болады. Дәстүрлі технологияларға қарағанда. Себебі былтырғы президент сайлауында оның қаншалықты тиімді екенін көрдік. Әрине, президенттік сайлау мен парламенттік сайлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мақсаттары бөлек. Бірақ президенттік сайлауға халықтың қатысу деңгейі көптеген сарапшыларды таңғалдырды.  Егер парламенттік сайлау болатын болса, егер партиялар қызықты сайлау науқанын ұйымдастыра алса, бағдарламаларын қызықты етсе, пікірталастырып, артықшылықтарын көрсе алса, сонымен қатар, дауыстардың маңызды екенін жақсылап түсіндіруі керек. Қазір әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарындағы халықтың пікіріне қарасақ, халық парламентітк сайлау орынды деп есептеп жатыр. Сонымен бірге, кейбір ақпарат құралдарында дауыс жүріп жатыр – сіз кімге дауыс берер едіңіз немесе сайлауға қатысасыз ба- деген. Халық та «иә, сайлауға барамыз» деген пікірлерін қалдырып жатыр.

- Сауал: Егер Президент Жарлыққа қол қойса, сайлау мәслихат сайлауымен бірге өтсе, ұтатын тұстарымыз туралы айтып берсеңіз?

- Жауап: Парламент және мәслихат депутаттарының сайлауларын бірге өткізу ұтымды. Себебі мәслихат жергілік орган болып есептелгеннен кейін 5 институттық реформаны жүзеге асыру жолында ол органдардың белсенділігін арттыруға бағытталған заңдар қабылданған болатын. Сонымен қатар мәслихаттар мен Мәжілістің сәйкес, бір уақытта жұмыс бастауына мүмкіндік береді. Мәслихат депутаттары жергілікті мәселелерді жақсы біледі ғой – олар партиялардың атынан өзекті мәселелерді талқылап, бағдарламаларға енгізсе, өте ұтымды болады.  Екіншіден, әрі қарай, тағы – күздің кезінде мәслихат сайлауын бөлек өткізіп, оны қайтадан ұйымдастыру деген мәселелерді қамтымайды. Яғни қаржылық, ұйымдастыру, партиялардың жұмыс жағынан болсын, өте тиімді.

- Әңгімеңізге рахмет, сәттілік!