Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«АрселорМиталлТеміртау» еңбекке жарамдылығын жоғалтқан қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алды

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
1419
«АрселорМиталлТеміртау» еңбекке жарамдылығын жоғалтқан қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алды

«АрселорМиталлТеміртау» компаниясы регрессниктерге әлеуметтік өтемақы төлеуді өз мойнына алды. Яғни еңбекке жарамсыз болып қалған қызметкерлер алдындағы қарызды өтейтін болады. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, олар өндіріс барысында 5 пайыздан 29 пайызға дейін денсаулығына зақым келген жұмыскерлер. Төлемдер 1 сәуірден бастап жүргізілмек.

Марат Имаш, «Қорғау» кәсіподағы төрағасының орынбасары:

Еңбекке жарамдылығын жоғалтқан азаматтардың нақты саны белгісіз. Олардың өтемақы көлемі де әртүрлі. Сондықтан жалпы соманы айта алмаймын. «Қорғау» және «Уақыт» кәсіподақтары мен мемлекеттік органдардың қатысуымен Астанада екі отырыс өтті. Оның бірінде аталмыш әлеуметтік топқа өтемақы төлеу мәселесі көтерілді. Нәтижесінде арнайы бұйрық шықты.

Кей мәліметтер бойынша, компанияның өндірісте еңбекке жарамдылығын жоғалтқан қызметкерлерінің саны 120-дан астам. «АрселорМиталлТеміртаудың» регрессті қызметкерлері алдындағы қарызы 2015 жылдың 10 мамырында заңға енгізілген түзетулерден кейін пайда болды. Онда аталмыш әлеуметтік топтағы азаматтар алдындағы жауапкершілік толық жұмыс берушінің мойнында делінген. Осылайша сақтандыру компаниясымен бір келісімге келе алмаған тау-кен компаниясы төлемдерді өз мойнына алуға мәжбүр болған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ