Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылған

AstanaTV
15.02.2016ж. 20:00
1600
ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылған

Халықаралық көрмелер бюросы жаңа типтік келісімшарт әзірлеп, оны алғаш рет Қазақстанда сынамақ. Бұл жөнінінде бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен кеңейтілген отырыста белгілі болды. Құжатқа сай көрмені өткізуге қатысушы ресми өкілдерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылады. Заңнама бұған дейін өткен ЭКСПО көрмелеріндегі кемшіліктерді есепке ала отырып әзірленген. Мәселен, бұдан былай ресми өкілдер мен олардың отбасыларына бір жылдық тегін виза беріледі. Және шетелдік ресми өкілдердің өз елдерінде алған жүргізуші куәліктері ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін жылы біздің аумақта да заңды болып есептеледі. Сондай-ақ, көрмеге қатысушы ресми өкілдер кез-келген салықтан босатылады.

Келісімде қарастырылған жеңілдіктер мен преференциялар 2016 жылдың 1 наурызынан күшіне еніп, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады. Бұл келісім бюджетке айтарлықтай салмақ түсіретіні белгілі болды. Бірақ заң жобасын мақұлдаған комитет өкілдері құжатты сенат қарауына жіберді.

Асыл Шалғымбаев, ҚР СІМ ЭКСПО-2017 хатшылығының кеңесшісі:

Келісім бюджетке біраз шығын әкеледі. Шамамен 3,7 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп болжап отырмыз. Бірақ көрме кезіндегі жалпы түсім 60 миллиард теңгені құрамақ. Бұл тікелей инвестиция мен туризм, мультипликативті шараларды есепке алмай отырып шығарған сомма.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА