Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

БҰҰ: 2015 жылы Ауғанстанда 3,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапты

AstanaTV
15.02.2016ж. 20:00
1452
БҰҰ: 2015 жылы Ауғанстанда 3,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапты

Ауғанстанда қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. БҰҰ-ның мәлімдемесін Рейтерс агенттігі таратты. 

Өткен жылы Ауғанстанда тәлібтердің шабуылынан үш жарым мыңдай бейбіт тұрғын қаза болды. Жарылыстардың салдарынан тағы жеті жарым мыңдай адам жарақаттанған. Көз жұмғандар арасында балалар мен әйелдер көп. Баспанасыз далада қаңғып қалғандар да жетіп артылады. «Бұлардың барлығы «Талибан» мен «Әл-Каида» жасақтарының әрекетінен зардап шекті», - деп жазады ақпарат құралы.

Жағдай тәлібтер көп шоғырланған елдің оңтүстігінде қиын. БҰҰ пікірінше, ауған әскерилері лаңкестерге тойтарыс бере алмай отыр. Тіпті кейбір сарбаздар, содырлардың қатарына өті кетіп жатқан жағдайлар бар екен.

Николас Хейсом, БҰҰ Бас хатшылығының арнайы өкілі, БҰҰ миссиясының Ауғанстандағы басшысы:

2015 жылы Ауғанстанның 11 мыңнан астам бейбіт тұрғыны ажал құшты немесе жарақаттанды. Қаза болғандардың төрттен бір бөлігі балалар. Және 10 пайызы әйелдер.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын НАТО Ауғанстаннан өзінің соңғы сарбазын шығарды. Қазір ол жерде Американың он мыңға жуық әскериі бар. Бірақ олар ауғандық сарбаздарды әскери өнердің қыр-сырына баулып жатыр. НАТО өкілдерінің айтуынша, елде тиімді басқару жоқ, онсыз мәселенің шешімін табу қиын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ