Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтаудағы бір отбасынан екі бүлдіршіннің уланып қайтыс болуына қатысты алғашқы қорытынды жария болды

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
1721
Ақтаудағы бір отбасынан екі бүлдіршіннің уланып қайтыс болуына қатысты алғашқы қорытынды жария болды

Ақтаудағы Тимуркаевтар отбасының екі бүлдіршіні тамақтан уланбаған. Бүгін облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті тексеру қорытындысы осындай байламға келгенін айтты. Аталған мекеменің басшысы Марал Қадыр: «Балғындар хлор мен сірке суының иісінен улануы мүмкін», - деп отыр.

Марал Қадыр, Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

Тексеру қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің барлығының сапасынан ауру қоздырғыштары анықталған жоқ. Ауа құрамында сірке қышқылы мен хлордың бар екені анықталып отыр. Бүгінгі таңда ауруханадағы аурулардан тамақтан улану нақтамасы алынып тасталынды. Тек қана белгісіз затпен уланған нақтамасы тұр. Ал қорытынды нақтама сот-медициналық экспертизасынан кейін ғана белігілі болады.

Марқұм болған балалардың анасы көршісінің үйінен сол күні жағымсыз иістің шыққанын айтқан болатын. Тексеріс барысында көршілерінің жәндіктерге қарсы дезинфекция жұмысын жүргізгені анықталыпты. Соған сай Тимуркаевтар мен оның көршісінің пәтерінен ауа сынамалары санитарлық тексеруге алынған. Қазіргі таңда бұл іспен құзырлы орган өкілдері айналысып жатыр. Еске салайық, наурыздың 13-і күні Ақтау қаласында "тамақтан уланды" деген диагнозбен бір үйдің екі бүлдіршіні көз жұмған болатын.