Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстанда 10 астам балықшы құтқарылды

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
2391
Шығыс Қазақстанда 10 астам балықшы құтқарылды

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар оннан астам балықшыны құтқарды. Аман қалғандар арасында бала да бар. Балықшылардың бір тобын Бұқтырма су қоймасынан құтқарса, енді бірін Ертістің қатты ағысынан аман алып қалып жатыр. Экстремалды жағдайда балық аулауды ұнататындар жұқа мұзға қарамайды, дейді төтенше жағдай қызметкерлері. 

Өскеменнің маңындағы су қоймалары балықшыларға жыл сайын лық толады. Әр көктемдегі картина осы. Бүкіл отбасы мүшелерін алып баратындар да бар. Жұқа мұздан қаймығып жатқандар шамалы. Күннің жылуымен аяқ астында шытынап, кейде борпылдап еріп жататын мұзға еттері үйреніп кеткендей. Ал олар қармақ салатын жерлердің тереңдігі кейде алты метрге дейін барады. Өздерінің айтуынша, оларды жұқа мұзға құмарлық итермелейді.

Не боитесь, что лед провалится? -Нет, еще есть время, еще неделю ходить можно.

Юрий Трегубов - жарты ғасырлық тәжірибесі бар балықшы. Мұз астына кетіп қалмас үшін не істеу керек деген сұраққа, мұзды тыңдай білу қажет дейді. Оның айтуынша, мұз алдымен отырады, сосын барып қараяды. Сол кезде ғана қауіпті болады екен.

Юрий Трегубов, балықшы:

Қазір әлі жүруге болады мұз үстімен. Жаңбыр жауып, жел тұрса, 2-3 күненен соң шығуға болмайды. Біз мұзға шықпас бұрын қарап аламыз. Жарылған жерлерді баспаймыз. Ана жерді көріп тұрсыздар ма, мұзы қарайып кеткен. Ол жерге баруға болмайды. Ал мына жер әзірге қауіпсіз. 

Ал құтқарушылар балықшылармен келіспейді. Мұз күн сайын жұқарып барады, сондықтан суға бату қаупі артып отырғанын ескертеді. Бұқтырма су қоймасында балықшылары бар екі бірдей көлік мұз астына кеткен. Әйтеуір адамдар аман. Ал Семейде суға кетіп қалған балықшы атасы мен немересін құтқарушылар әзер аман қалып қалған.

Темір Жүсіпов, Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім қызметкері:

Балықшылар балық аулайтын кезде мұздың қалыңдығын барлығын дұрыстап тексеру керек. Өйткені олар көлдің ортасында болады, мұз жарылып кетсе, құтқарушыларды шақыру керек. Олар өз-өздеріне көмектесе алмайды. Өйткені олар құтқару ережелерін білмейді.

Сондақтан мамандарға мұздың қауіпті екенін ескертіп, күн сайын рейд жасауға тура келеді. Бірақ балықшылықты құмарлыққа айналдырған адамдар тәуекелге бел бууды қояр емес.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ