Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Мұнай саласында қызмет көрсететін отандық 7 компания Иранға кетпек

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1392
ЭКСКЛЮЗИВ: Мұнай саласында қызмет көрсететін отандық 7 компания Иранға кетпек

Мұнай саласында қызмет көрсететін отандық 7 компания Иран нарығына шыққалы отыр. Ал бір компания Ираннан Еуропаға мұнай тасымалдау қызметіне кірісіп кеткен. Бұл туралы «Мұнай сервистік компаниялары одағы»  төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Рашид Жақсылықов, «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы» төралқасының төрағасы: 

Мұнай тасуда «Казмортрансфлот» компаниясы жұмыс алды. Үлкен бұрғылау компаниясы, Жаңаөзенде істейтін олар да жаңа бұрғылау жұмыстарын бастауға келісімдер жүріп жатыр. Ауыр машина құрылысы барып жатыр, келісіп жатыр. Иранда ауыр машина құрылыс керек. Оларға керегі өндіріс емес, керегі - жаңа технология.

Бізде мұнай сервисі саласында жұмыс азайған. Отандық компаниялардың Иранға кетіп жатқаны содан. Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бізде мұнай саласында қызмет көрсететін 120 компания бар. Өткен жылы олардың табыстары 40 пайызға қысқарған. Ал санкциялардан көз ашқан Иран тек мұнай саласының жаңарту жұмыстарына қыруар қаржы құйғалы отырғанын айтты төраға.

Рашид Жақсылықов, «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы» төралқасының төрағасы: 

Сол жаңарту жұмыстарына Иран мемлекеті 140 млрд АҚШ долларын жұмсамақ. Екінші, темір жолдарын Иранда салынып жатқан жаңартқысы келеді. 15 млн евро құяды жаңартуға. Бүкіл қалалардың автожол және инфрақұрылымын жаңартқысы келеді. Оған 50 млрд жұмсаймыз деп отыр. Осы ақшадан қызметімізді сатып, пайда тауып, мемлекетімізге әкелу.

Айгүл ӘДЕПБАЙ