Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін 11 қаңтардағы деңгейде ұстап тұруға уағдаласты

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1985
ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін 11 қаңтардағы деңгейде ұстап тұруға уағдаласты

Ресей, Катар, Венесуэла мен Сауд Арабия өкілдері мұнай өндіру көлемін 11 қаңтардағы деңгейде ұстап тұруға уағдаласты. Бұл жөнінде Катарда өткен келіссөздер нәтижесінде белгілі болды. Бұл турады  Bloomberg хабарлады. Келісімнің орындалуын Катар тарапы қадағалайтын болды. Эр-Рияд та бұл қадамды құптайды. Осылайша алдағы үш ай көлемінде нарықтың тұрақтануын бақылап, өзге амалдардың қаншалықты орынды болатыны сарапталмақ.

Дегенемен эксперттер мұнай бағасының күрт өзгермейтінін айтып отыр. Өйткені Сауд Арабиясы қаңтар айында күніне 10,2 млн баррель мұнай өндірген. Ал Ресей 10,9 миллион баррель мұнай өндіріпті. Десе де кеңес қорытындысы бойынша, Дохадағы мұнай котировкалары бірден өзгерген. Мұнда Brent құны барреліне 35 көк қағазға өсіп кеткен. Бірақ мұнай өндірісінің көлемі қысқартылмайтыны белгілі болғанда, қайта 1 АҚШ валютасына құлдыраған.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА