Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Ұлттық қордан жекеменшік құрылысшыларға 97 млрд теңге 2 жылға қайтарыммен беріледі

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1446
ЭКСКЛЮЗИВ: Ұлттық қордан жекеменшік құрылысшыларға 97 млрд теңге 2 жылға қайтарыммен беріледі

Ұлттық қордан жекеменшік құрылысшыларға 97 млрд теңге 2 жылға қайтарыммен беріледі. Бұл - тұрғын үй құрылыс саласын ынталандыруға бөлінген қаржының 20 пайызы. Мұны «Астана» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Нұрлан Рахметов айтты. Әрі талап та біршама қатайтылған екен. 

Нұрлан  Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры:

Біріншіден, жекеменшік құрылысшы 20 пайызға инвестициялық жеке ақшасын салу міндет. Яғни тәуекелге баруы тиіс. Ал біздікі - 80 пайыз. Бұдан бөлек компанияның инфрақұрылымы толық жүргізілген жері, құрылыс есеп-қисабы жасалған құжаттары және банк кепілдігі қолында болуы керек. Осындай талаптар енгізілген. 

Ал шарт бойынша құрылыс компаниясы алған қаржыны 2 жыл ішінде игеріп, оны кері қайтаруы тиіс. Себебі 97 млрд теңгені «Самұрық-Қазына» 10 немесе 20 жылға 0,1 пайыздық үстемемен Ұлттық қордан алмақ. Нұрлан Рахметовтың айтуынша, бұл әзірге нақты сандар емес. Бағдарлама келер айдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде басталып кетуі тиіс екен. 

Құралай ПИОНЕР