Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Елімізде мамандар қауіпті вирус Зиканың алдын ала бастады

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1189
ЭКСКЛЮЗИВ: Елімізде мамандар қауіпті вирус Зиканың алдын ала бастады

Астана халықаралық әуежайы тәулігіне шетелден келген 10 мыңдай жолаушыны Зика вирусына тексерістен өткізіп отыр. Бұл туралы «Астана» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Дария Әзімбаева мәлімдеді.

Елордадағы бас әуежай мен өзге қалалардағы халықаралық әуежайларға темір жолдар мен теңіз порттарына адамның ыстығын тексеретін тепловизор құрылғылары орнатылған. Сонымен қатар, департамент туристік фирмалармен нұсқамалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Департамент өкілдері елімізге қауіпті вирустың әкеліну мүмкіндігін жоққа шығармайды. Зика - Африка, Латын Амеркасы елдерінде тараған қауіпті вирус. Ол көбіне масаның шағуынан жұғады. Оған шалдығатындардың дені жүкті әйелдер. Вирус құрсақтағы нәрестенің дамуына кері әсерін тигізеді.

Дария Әзімбаева, көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

Біз турфирмалар арасында семинар кеңес өткіздік. Сонымен қатар әр жолаушыға жадынамалар таратамыз осы зика ауруынан қалай қорғану керектігі туралы. Санитарлық карантиндік пункттер 14 халықаралық әуежайларда орналасқан. Алтауы темір жолда, екеуі теңіз портында орналасқан. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ