Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Парижде халық ереуілге шықты

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
1667
Парижде халық ереуілге шықты

Еңбек заңдылығындағы реформа Париж тұрғындарын көшеге шығарды. Рейстерстің хабарлауынша, тәртіп сақшылары ереуілдеткен халыққа көз жасаурататын газ шашып, таратпақ болды. Ал наразылық білдірген жұрт бояу мен қолдан жасалған жарылғыш заттар қолданған. 

Сақшылардың мәліметінше, бірнеше адам тұтқындалған. Екі тараптан да жарақат алғандар бар. Қақтығыстың күшейгені сондай, жиналғандар тарамай жатыр. Олар билік қабылдаған жаңа еңбек реформасынан бас тартпайынша, мұнда күн сайын жиналатындарын мәлімдеді. Ел астанасы Парижде ғана емес, мұндай ереуілдер ондаған қалада болып жатыр. Француздар жұмысшыларға қойылатын талаптардың күшейгеніне наразы. Өйткені ел үкіметі 60 сағаттық жұмыс аптасын енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазір олар күніне 7 сағат жұмыс істейді. Оған қоса, қазір теміржолшылар мен әуе диспетчерлері де көтеріліп жатыр. Соның кесірінен ел ішіндегі әрбір бесінші рейс пен әрбір төртінші пойыз бағытқа шықпай қалды. Сондықтан үлкен тас жолдардағы көлік кептелісі 400 километрге дейін жеткен. Қауіпсіздік үшін бірнеше мектеп жабылған. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ