Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ пен Қытайдың бір-біріне салық енгізуі заңды күшіне енді

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
2391
АҚШ пен Қытайдың бір-біріне салық енгізуі заңды күшіне енді

Ал АҚШ пен Қытай сауда соғысында соңына дейін бармақ. Текетіресті тараптардің пікірінен аңғаруға болады. Бүгін қос алыптың бір-біріне салық енгізуі заңды күшіне енді. Америка 200 миллиардтық Қытай тауарына, ал аспан асты елі жауап ретінде 60 миллиардтық америкалық импортқа салық салды.  

Пекин үшін газ және ұшақтардың кейбір түрін импорттау қиынға соғады. Ал АҚШ-тың Қытайға шаңсорғыштан бастап ғаламторға қосатын құрылғыларын сатуы қиындамақ. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео Вашингтон сауда соғысында жеңіске жететініне сенімді. Сарапшылар да америкалық бизнесті қорғамақ болған Дональд Трамптың бұл әрекетін түсінікті деп отыр.

Марат Шибұтов, саясаттанушы: 

АҚШ-қа керегі осы еді. Қазір елде орта тапты біріктіруде проблема бар. Бұған дейін Американың бұл саясаты елді көркейтті. Рейганнан кейін жыл сайын бұл мәселе төмендей берді. Бұл өз кезегінде проблемаға тірелді. Дональд Трамп қаражаттарды дүние жүзінен Америкаға кері қайтарып жатыр.

Бұған дейін қос ел бір-біріне 50 миллиард долларды құрайтын өнімдеріне салық енгізді. Жаңа тарифті қосқанда қытайлық импорттың барлығына, көлемі жылына 500 млрд доллардан асатын салық салынбақ. Вашингтон одан басқа Қытайға қарсы ірі науқан бастағалы отыр. Axios порталының хабарлауынша, Ақ үй Пекиннің дұшпандық әрекетін әшкерелейтін ақпаратты жария етпек.

Мендеева Г.