Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

А.Әубәкіровке тағылған айыпқа қатысты министр түсініктеме берді

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
2844
А.Әубәкіровке тағылған айыпқа қатысты министр түсініктеме берді

Сондай ақ, министр Павлодар облысының бас полицейі Амантай Әубәкіровті айыптаған АҚШ азаматының мәлімдемесіне орай жауап берді. Күні бұрын интернетте Павлодар қаласында бизнес бастаған кәсіпкер жергілікті полиция басшысы кәсібін тартып алғаны жөнінде видео үндеу жариялаған. Онда Америка азаматы Александр Ли испан мейрамханасы мен алкоголь өнімдерін импорттайтын компаниясынан айырылып қалғанын айтады. Ол Әубәкіровтің қызы мен күйеу баласы мейрамхананы, ал әйелі арақ-шарап импортын меншіктеп алғанын мәлімдеді. 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жеке қауіпсіздік бөлімі тексеру жүргізеді. Прокуратура қазір бір азаматтың өтінішін тексеріп жатыр, соны күтіп отырмыз. Іске бастықтың жұбайы мен шағымданған азаматтың арасындағы дүрдараздық себеп болған. Шешім қабылданған соң, бәрі анықталады.  

Сапаркызы Д.