Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресейдегі келіссөздер нәтижесінде ет эскпортына қатысты мәселе оңтайлы шешіледі деген үміттеміз - Сәкен Қалқаманов

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
2872
Ресейдегі келіссөздер нәтижесінде ет эскпортына қатысты мәселе оңтайлы шешіледі деген үміттеміз - Сәкен Қалқаманов

         Екі ел арасында ет экспортына қатысты туған түсініспеушілікті жоюға да біздің шенеуніктер барын салып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов түйкіл жақын арада шешіледі, деп мәлімдеді. Ол «кездесулер нәтижесінде біз бұл мәселені жуырда шешеміз», - дейді. Қазір арнайы жұмыс тобы Ресеймен мәмілеге келу үшін Мәскеуде жүр.

     Еске салайық, Россельхознадзор 1-қазаннан бастап, Қазақстаннан келетін ет тауарларына шектеу қоятынын мәлімдеген. Көрші ел кері қайтарылған өнімдер қайта экспортталуы мүмкін деп қауіптенеді. Бұдан бөлек, олар біздегі агросаланың ақпараттық жүйесінде шикіліктер бар дейді. Айта өтейік, Қазақстанда шығатын еттің елу пайызы Ресейге сатылады.  

Бектас А.