Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ЕО Иранмен есеп айырысу механизмін жасайды

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
2081
ЕО Иранмен есеп айырысу механизмін жасайды

Иә, "санкциялар соғысы" бүйірден қысқан тұста түрлі кедергілерді жоюға алпауыт елдер де кіріскен. Еуро Одақ Иранға қарсы АҚШ санкцияларын айналып өту жолдарын қарастырып жатыр. Бұл қадам Иран экспорты мен импортына байланысты төлемдерді жеңілдету және Иран нарығында жұмыс істейтін еуропалық компанияларды қорғау мақсатында жасалмақ. Тегеран Еуродақпен арадағы міндеттерді ортақ келісім шеңберінде жалғастырады. Кәрі құрлық Иранмен есептесу үшін, арнайы орган құрады деп хабарлайды Рейтерс. 

Федерика Могерини, ЕО-тың Сыртқы істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

Бұл еуропалық компаниялардың Иранмен еуропа заңдарына сәйкес жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Ол басқа қатысушылар үшін де ашық болады. Осындай механизмді құру туралы шешім қабылданды. Қатысушылар Иранның ядролық міндеттерін толығымен және тиімді орындауды жалғастыруын мойындады, бұл Атом қуаты халықаралық агенттігінің 12 есебімен расталған.

Сондай ақ, "Бестік" Иран атомына қатысты келісім өз күшінде екенін мәлімдеді. Еске салсақ, ортақ келісім 2015-жылы шілдеде қабылдаған. Ол кезде құжатты алты ел қолдаған. Ресей мен Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия және Құрама Штаттар. Алайда, мамыр айында Дональд Трамп аяқ асты келісімнен шығып, Тегеранға қарсы қайта санкция жариялады. Ислам Республикасымен серіктес өзге де мемлекеттер бұл шектеулерден тыс қалмады.

Сапарқызы Д.