Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағанды облысында «Халық жасағы» 800-ге жуық қылмыс пен заң бұзушылықты әшкереледі

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
4189
Қарағанды облысында «Халық жасағы» 800-ге жуық қылмыс пен заң бұзушылықты әшкереледі

Қала тыныштығын "Халық жасағы" қадағалайды. Қарағанды облысында еріктілер тобы полицияға 800-ге жуық қылмыс пен заң бұзушылықты әшкерлеуге көмектесті. Белсенділер қатарында қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын зейнеткерлер де бар. Олар салғырт жастарға "қала мәдениетін" үйретуге де әзір. Айжан Қуаш "Халық жасағымен" бірге саябақтарды аралап көрді.

Тілші:

Қаланың тазалығы мен тыныштығына алаңдайтын белсенді зейнеткердің бірі Орал аға. Серіктесімен бірге әдеттегідей орталық саябақтағы тәртіпті бақылап жүр. Ол - ауған соғысының ардагері, бұрынғы полиция қызметкері. Әскери тәртіпке жастайынан үйренген. Енді жастарды қала тазалығын сақтауға тәрбиелегісі келеді.

Орал Нүркеев, «Халық жасағы» тобының мүшесі:

 «Темекі лақтыру, бөтелке лақтыру, балмұздақ қоқыстарын лақтыру көп. Кездесті ондай жастар. Өз қалаңды сүю керек, сол жағдайға көмектесіп жүрміз».

Тілші:

Өңірде «Халық жасағының» пайда болғанына 1 жылдай уақыт өтті. Қазір ауыл аймақтарды қосқанда 140-тан астам топ қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүр. Олар демалыс күндері саябақтардағы тәртіпті кірпік қақпай күзетеді.

Наталья Зверева, Қарағанды қаласының тұрғыны: 

Бұқара полицейлерден гөрі өздері секілді адамдарды көбірек тыңдайды деп ойлаймын. Уақыт өте келе үйреніп, өздерін бақылауда ұстап тәртіпке жүгінеді.

Тілші:

Жасақ бір жыл ішінде 70 қылмыстың бетін ашып, 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтауға көмектесіпті. Жергілікті полиция бұл топ құқық бұзушылықпен күресте әжептәуір қолғабыс еткенін жасырмайды.

Бақытгүл ҚАРЖАСПЕКОВА - Қарағанды қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

«Егер де құқық бұзушы қылмыскерді анықтаған бойда олар полиция қызметкерінің көмегіне жүгінеді. Яғни, ол адамдардың қолдарында арнайы құралдары жоқ. Азаматтық киімдегі біздің нысанды киімнен гөрі азаматтар арасында сенімді».

Тілші:

Халық жасағы" қатарына қосылуға ниеттілер аз емес. Бүгінде олардың саны 1 жарым мыңға жеткен. Еріктілерге жалақы төлеу үшін облыстық бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Демек, әрбірі күніне 3500 теңге еңбекақы алады.

Қуаш А.