Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бүркітші қыз Астанадағы құны 20 мың АҚШ доллары тұратын мектепте білімін жалғастырады

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
6169
Бүркітші қыз Астанадағы құны 20 мың АҚШ доллары тұратын мектепте білімін жалғастырады

Бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып білімін Астанада жалғастырады. Бүгін оған «Spectrum» халықаралық мектебінің білім гранты табысталды. 17 жастағы қызға жатақханадан орын да берілді.

Сондай-ақ Сүлеймен Демирел университеті де тегін оқуға мүмкіндік берді. Қаршадайынан танымал құсбегі қызға Гарвард пен Оксфорд оқу орындары да шақырту жіберген. Айшолпан Астандағы халықаралық мектепте ағылшыны тілін үйреніп, білімін шет елде жалғастыруы мүмкін.

Айшолпан Нұрғайып, бүркітші:

Бұл мектепте барлық сабақтар ағылшынша жүреді. Біздің Олгей қаласында мектепте сабақтар моңғолша, қазақша. Өте қуаныштымын. Менің көптен күткен арманым бүгін орындалып жатыр. Әрине біраз қобалжыдым. Мұндай жағдайды күтпеген едім.

13 жасында бүркітшілер сайысында жеңімпаз атанған қандасымыз туралы америкалық режиссер Отто Белл «Бүркітші қыз» атты деректі фильм түсірген. Туынды «Оскар» сыйлығына ұсынылып, 15 үздік фильм қатарынан табылды. Осылайша саятшылық дәстүрді дәріптеген Айшолпанның атағы төрт күл әлемге тарады.

Абилова А.