Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мәскеуде теракт жасамақ болған Орта Азия азаматтары ұсталды

AstanaTV
14.08.2017ж. 20:00
2788
Мәскеуде теракт жасамақ болған Орта Азия азаматтары ұсталды

Мәскеуде теракт жасамақ болған үш адам ұсталды. Олар Орта Азия тумалары. Лаңкестер ДАИШ террорлық ұйымының Сириядағы эмиссар жетекшілігімен жарылыс ұйымдастырмақ болған.

Ресей қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олар Мәскеудің ірі сауда алаңдарында, көлік нысандарында теракт жасауды жоспарлаған. Ал ұсталғандардың бірі жарылғыш қондырғыны орнату маманы болса, екеуі - жанкешті. Террорлық топ Ресей азаматтары мен үш Орта азия азаматынан тұрған. Алайда, федералды қызмет өкілдері олардың қай елдің тұрғындары екенін айтпай отыр.