Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елде өрт өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан - АШМ

AstanaTV
14.08.2017ж. 20:00
2022
Елде өрт өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан - АШМ

Ал Қазақстанда өртке қарсы шаралар дұрыс жүргізілмей келген. Сондықтан биыл аумағы 10 987 гектар жер өртеніп кеткен. Оның жартысына жуығы орманды алқапты құрайды. 422 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері айтты.

Жалпы қазір министрлікке қарасты 29 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, ол елдің орман қорының 20 пайызын құрайды. Қалған 80 пайызға жуығы әр облысқа тиесілі және оған жергілікті атқарушы билік жауапты. Жергілікті бюджеттен өрт жұмыстарына бөлінетін қаражат мүлде жекіліксіз, - дейді мамандар. Қазір Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өртке қарсы жұмыстар жүргізілген. Министрлік өкілдері, бірақ өзге өңірлерде жағдай алаңдатарлық, деді.

Қайрат Үстеміров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

Павлодар облысында арнайы жұмыстар жүргізілмегендіктен, 1000 гектар орман жанып кетті. Қазір жергілікті атқарушы биліктің қолында техниканың жоқтығы да қолбайлау. Ал оған бөлінетін қаражат түкке жеткіліксіз. Салдарынан орман күзетіне және біздің ерекше қорғалатын өңірлерден қаражат алуға тура келеді. Ал ол, әрине, жоспарланбағандықтан, артық шығын болып есептеледі.